Жеке кәсіпкерлікті қалай тіркеуге болады?

0
7 796

Барлығын "Жалпы жеке кәсіпкер деген кім? Қалай жеке кәсіпкер болуға болады? Ол үшін не керек?" деген сияқты сұрақтар мазалайтыны рас. Бүгін біз осы ұғымдар жөнінде ақпарат бергіміз келеді. ​


Жеке кәсіпкерлікті қалай тіркеуге болады?

Қазіргі күні кез келген адамға өзін қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалған. Осы күні жеке кәсіпкер болып табыс табатындар саны көбейген мәлім.

Олардың барлығын "Жалпы жеке кәсіпкер деген кім? Қалай жеке кәсіпкер болуға болады? Ол үшін не керек?" деген сияқты сұрақтар мазалайтыны рас. Бүгін біз осы ұғымдар жөнінде ақпарат бергіміз келеді.

Жеке кәсіпкер деген кім?

Жеке кәсіпкерлік – тұлғалардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып іске асыратын дербес қызметі болып табылады. Әдетте, жеке кәсіпкер кәсіпорнын өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланатын, не пайдаланбайтын болып жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ заңмен шектелменген барлық қызметтің түрін жүргізуге мүмкіндігі бар.

Жеке кәсіпкерлікті қалай тіркеймін?

Жеке кәсіпкер болудың артықшылығы, оны тегін тіркеуге болады және тым көп құжаттарды қажет етпейді. Тек жеке куәлігіңіз бен тұрғылықты жеріңіздің анықтамасы болса жеткілікті. Оны халыққа қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz сайты арқылы тіркеуге де болады. Одан соң сізге кәсіпкерлікті растайтын талон беріледі. Нәтижесінде, сіз - жеке кәсіпкерсіз!

Жеке кәсіпкер қанша салық төлейді?

Кәсіпкерліктің бұл түріне салық мөлшері төменірек. Жылына түскен пайданың 10% пайызын салыққа төлеуге міндеттісіз. Ал, жеңілдік қарастырылған жағдай да алты ай сайын табыстың 3% пайызы салыққа төленеді.

Жеке кәсіпкерлікті қалай тоқтатуға болады?

«Жеке кәсіпкерлікті жабу қиынға соғады» дегенді талай естіген боларсыз? Бірақ ол аса шындыққа жанаса бермейді. Оны қалай жабу жөнінде сәл кейінірек, әзірге мына ақпаратты біле жүріңіз. Заң бойынша жеке кәсіпкерліктің жұмысын 3 жылдан 5 жылға дейін уақытша тоқтатуға болады.

Кәсіпкерлікті жабу үшін: Салық басқармасына барып мөріңізді ликвидация жасайсыз. Ал ол болмаса халыққа қызмет көрсету орталығынан анықтама алу керек. Кассалық аппаратыңыз болса оны да салық комитетіне өткізесіз. Соңында банктегі есепшотыңызды жабасыз. Осыдан кейін бір тәулік ішінде сізге жабылғаны жөнінде хабарлама келуі керек.

Дереккөз: egov.kz

Фото: montealtoadv.com.b

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ