1 қыркүйекке дейін жемқорлыққа қарсы реформалар топтамасы дайындалады

0
1 046

Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Президент сыбайлас жемқорлықты жою мәселесіне тоқталды.


1 қыркүйекке дейін жемқорлыққа қарсы реформалар топтамасы дайындалады

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлықты жою мәселесіне тоқталған Президент, «1 қыркүйекке дейін жемқорлықтың деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық мемлекеттің дамуын тежейтін кесел", - деп ерекше атап өтті.

"Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз», - деді Мемлекет басшысы.