10 мың доллардан сұраған: Екі қазақстандық қыз Таиландта құлдықтан құтқарылды

0
270

Қыздардың жоғары білімі бар, бірнеше тіл меңгерген.


10 мың доллардан сұраған: Екі қазақстандық қыз Таиландта құлдықтан құтқарылды

ERNUR.KZ. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таиландқа жұмыс іздеп барып, құлдыққа түсіп қалған екі қызды құтқарды, деп жазады Sputnik Қазақстан .



Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қаңтар айында Таиландтағы елшілікке құлдыққа түсіп қалып көмек сұраған екі қазақстандық қыздан хат түскен.
"Біз мән-жайды дереу анықтай бастадық. Сөйтсек, біздің екі азаматымыз алданып "алтын үшбұрышқа" (Таиланд, Мьянма және Лаостың шекаралық аумағы) құлдыққа түсіп қалған. Ең қызығы, екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Интернеттен хабарлама көріп, Таиландқа жұмысқа барамыз деп кеткен. Содан алданып қалған", - дейді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен апта сайынғы брифингте.
Құлдықта ұстағандар әрбіреуінен 10 мың доллардан сұраған. Алайда қыздарда да, олардың туыстарында мұндай ақша болмаған.

Смадияров қыздарды кім құлдықта ұстағаны белгісіз дейді.
"Ол жерде көбіне қытай компаниялары жұмыс істейді. Телефон, интернетпен адам тартып, алаяқтық жасайды. Тіл білгеннен кейін, соларға алданып қалады. Жоғары айлықпен қызықтырады, бірақ оны төлемейді", - дейді ол.
Бұған дейін соңғы екі жылда 200-ге жуық Қазақстан азаматы Таиландпен шекаралас аумақта құлдыққа түсіп қалғаны хабарланған болатын.