100 тонналық вагонды сүйреген қазақ Гиннестің рекордтар кітабына енді

0
3 861

Спортшы жүз тонна тоғыз келі вагонды сегіз жарым метрге дейін тарты.


100 тонналық вагонды сүйреген қазақ Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазіргінің Қажымұқаны Гиннестің рекордтар кітабына енді. 100 тонналық вагонды тартып, көптің көзайымына айналған жігіттің мықтылығына сенбегендер де болыпты. Бұған намыстанған 24 жастағы жігіт қауіпті трюкті тағы бір рет қайталап көрмекке бекінген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасы сілтеме жасап.

Талай ұйқысыз өткен түндер мен тынымсыз жаттығудың аяқталуына да аз уақыт қалды. Жүз тонна вагонды еңсеремін деген Алмат Жұмановтың бойында толқудың басылмай тұрғаны көрініп-ақ тұр. Алайда, өткен жолы жасаған ерлігіне көбі сенімсіздік танытып, рекордтар кітабына енгізетін мамандар да болмаған еді. Бүгін мүлде басқа атмосфера. Шойын жолдың маңайында жанкүйерлік танытқан қаптаған адам. Барлығы 24 жастағы жігіттің ерлігін көруге келген.


«Көп адам сенбей бізге дайрекке жазғандар болды да. Жалған болған, тростары бос болған, өтірік болған деп көп адамдар жазды. Сол үшін біз алдық та оны біз дәлелдейміз деп тікелей эфирде болсын қайтып ұйымдастырдық осыны», - деді спортшының інісі Бексұлтан Римов.

Мұнда қойылған 26 тонналық вагонға 74 тонна түрлі материалдар көпшіліктің көзінше салынды. Сонымен қатар алыптың денсаулығын тексеру үшін арнайы жедел жәрдем көлігі де шақырылған. Заттың барлығы тиеліп болғаннан кейін Алматтың қан қысымын өлшеп, барлығы қалыпты екеніне көз жеткізді. Арқанға қарай басылған әр қадам сайын көпшілік шулап, қолдау көрсетуін тоқтатпады. Ал, жүз тонналық вагон орнынан қимылдаған сәтте жеңістің де ауылы алыста емес екендігі сезілді.

Беліне байлаған арқанмен Алмат Жұманов жүз тонна тоғыз келі вагонды сегіз жарым метрге дейін тарты. Бір айдан астам түрлі жеңіл көліктер мен автобустарды сүйреп жаттығу жасаған жігіт осылайша Қазақстан Гиннестер кітабына өз атын қалдырды.


«Намысты қолдан берген жоқпын. Әлі бұдан да екі жүз тонна тартамын. Сол үшін енді бұған дайындаламын. Бәрі алда», - дейді спортшы Алмат Жұманов.

Ал, елімізде бұған дейін 180 келіні иығымен тартқан азамат көш бастап тұр екен. Алматтың әдісі басқаша болғандықтан, мұны біз рекордтар кітабына енгіземіз дейді мамандар.


«Вагонды басқа жаңа тәсілмен тартып жатыр. Сондықтан бұл Қазақстанның жаңа рекорды деп есептеледі. Біз оны рекорд теп тіркеп жатырмыз және ол рекорд. Жаңа Қазақстанның жаңа рекорды», - дейді Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі Бақытжан Тастүлеков.


Өзінің есімін гиннес кітабына енгізген Алмат Жұмановтың алдында тағы бір асу тұр. Ол жақын уақытта келісім-шарты келетін ирандық спортшы Саджад Гарибимен жекпе-жекке шығатын болады. Қосымша бұл алыппен да бақ сынасуға дайындалып жатқан «Қазақ титан» лақап атымен таныс спортшы, намысты қолымыздан бермейміз деп отыр.


«Біздің қазақстанда батыр халқымыз бар, Қажымұқан және көптеген батырлар шыққан. Осы жерімізді сақтап қалған. Әр қазақ осындай күшті мықты болады. Мен үшін ол Саджад ештеңе емес, мен оның жекпе-жекке шақырғанын қабылдадым. Мен оны күтіп жүрмін әлі», - дейді спортшы Алмат Жұманова.

Алматтың сөзінше Саджан Гарибимен жекпе-жек Түркия қаласында болады деп жоспарланған. Сонымен қатар оның уақыты да алыс емес дейді. Ал, ирандық спортшыны жеңгеннен кейін 200 тонналық вагон мен болашақта үлкен ұшақтарды тартамын дейді.