102 қызметіне үш мың рет хабарласқан

0
1 267

102 операторына 6 секунтың ішінде қосады


102 қызметіне  үш мың рет хабарласқан

ERNUR.KZ. 2018 жылдың 8 айында 102 қызметіне 3,2 млн қоңырау келіп түскен. Оның 40%-і ғана құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

«8 айда 3,2 млн қоңырау келіп түсті. Ал бізде барлығы 220 оператор тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Жүктеме көп болған соң олардың шамасы жетпеді. Алматыда бар-жоғы 24 оператор, Астанада – 26. Бүгінде олардың санын арттырып, 12 сағаттық жұмыс күніне ауыстырдық. 3,2 млн қоңыраудың ішінде 40% ғана полиция жұмысына қатысты, қалғандары – ТҮКШ-ке байланысты, мысалы сумен жабдықтау туралы сұрайтындар бар. Алматыда бір азамат операторға 3000 рет хабарласып, үнемі тұрғын үйіне қатысты және басқа да сұрақтармен шағымдана берген», - деді ол.

Министр 102 нөміріне хабарласқан кезде азаматтар неліктен келеңсіз жағдайларға тап болатынын айтты.

«Оның бірнеше себебі бар: біріншісі – ұялы байланыс операторларына қатысты. Мысалы, Altel туралы айтсақ, 102-ні терген кезде автожауап беруші 30 секунд қазақ және орыс тілінде сөйлейді. Содан кейін ғана 102-мен байланыстырады.Ал Теле2 мен Kcell секілді операторлар келіп түскен қоңырауды 112-ге жібереді, содан кейін ғана ол 102-ге келіп түседі. Осындай жағдайларды операторлардың өздері мойындап отыр. Осы олқылықтардың орнын толтырдық. Қазіргі уақытта абоненттер барлық ұялы байланыс операторымен хабарласа алады. Оларды102 операторына 6 секунтың ішінде қосады», - деді ол.