12-14 қазанда Путин Қазақстанға келеді

0
298

​Ресей президенті Владимир Путин қазан айында Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесі мен ТМД саммитіне қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келеді.


12-14 қазанда Путин Қазақстанға келеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы РФ президентінің халықаралық істері жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков айтты, деп жазады sputnik.kz.

"12-14 қазан аралығында Владимир Путиннің Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесі мен ТМД саммитіне қатысу үшін Нұр-Сұлтанға сапары жоспарланған", - деді Ушаков.

Оның айтуынша, Қазақстанға сапары барысында Путин "Ресей – Орталық Азия" кездесуін өткізеді деп күтілуде.

Бұған дейін Қазақстан және Ресей президенті 19 тамызда Сочиде кездескен еді. Сол кездесуде мемлекет басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына көңілдері толатынын атап өтті.