​13 жасар бала он күннен бері табылмай жатыр

0
2 988

Алматы облысында 13 жасар жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті.


​13 жасар бала он күннен бері табылмай жатыр

Алматы облысында 13 жасар жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Иса Бекбаевтың жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 2004 жылы туған баланың биыл 29 маусымда Үштөбеде жоғалғаны аталып өтілген.

«Алдын ала болжам бойынша, Қараталда су тартқыш аумағында суға ағып кетуі мүмкін. Оның заттары жағадан табылды. Көзі, шашы қара. Дене бітімі орташа. Адасып кетуі де мүмкін», - делінген хабарламада.