137 қазақстандық ҰБТ бейнежазбасын тексергеннен кейін грантынан айырылды

0
482

2022 жылы түлектердің 33%-ы ҰБТ-ның шекті балына жете алмады.


137 қазақстандық ҰБТ бейнежазбасын тексергеннен кейін грантынан айырылды

ERNUR.KZ. Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) 154 мың қазақстандық тапсырды. Емтихан нәтижесі белгілі болды. Дегенмен Ұлттық тестілеу орталығы бейнежазбаларды тексеру әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев видеожазбаларды тексергеннен кейін 153 тест тапсырушының нәтижесі жойылғанын, оның 137-сі білім грантының иегерлері екенін түсіндірді.

"Біз тиісті шара қолдандық. Енді олардың грант сертификаттары жарамсыз деп танылды", - дейді Руслан Емелбаев Руслан.

Сонымен қатар орталық басшысы толықтырғандай, бұзушылық фактілері бойынша қызметкерлерге қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр.

"Биыл 327 түлек тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды әкелу әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін 322 адам аудиториядан шығарылды", - дейді Руслан Емелбаев.

Руслан Емелбаев 2023 жылғы үміткерлерге үндеу тастады. ҰТО директоры келесі жылы тапсырушылар кейбірінің қатесін қайталамайды деп үміттенеді.

2022 жылы түлектердің 33%-ы ҰБТ-ның шекті балына жете алмады.

Биылғы орташа нәтиже – 66 балл, ал ең жоғары – 139 балл.

Ең төмен нәтижені үш облыс көрсетті: Маңғыстау, Түркістан және Атырау облыстары.