​14 баладан зорлық көрген бойжеткен әділдік іздейді

0
2 265

Ол өзіне зәбір көрсеткендердің барлығы да бостандықта жүргенін айтып, адвокаттан көмек сұраған.


​14 баладан зорлық көрген бойжеткен әділдік іздейді

фото rus.postimees.ee

Арқалықтың 22 жастағы тұрғыны өзін 14 баланың жабылып зорлағанын айтып, заңгер Айман Омароваға хат жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол өзіне зәбір көрсеткендердің барлығы да бостандықта жүргенін айтып, адвокаттан көмек сұраған.

Хатта келтірілгендей, қазір өзінің емделіп жатқандығын, ал зорлағандардың бостандықта жүргендігін айтады. Сондай-ақ, хатта болған оқиғаның бәрін егжей-тегжей жазған.

«Сізден көп көмек күтем. Сіз ӘЙЕЛ, АНА, ретінде менің жаралы жанымды түсінеді деп ойлаймын. Менің басымда болған жағдайды жан баласына бермеуін АЛЛАДАН тілеймін. Бар үмітім Құдайда және Сізде. Маған қиянат жасап, өміріме балта шапқан қылмыскерлер жазасын алады деп сенемін. Ешкімді кешірмеймін және кешіре де алмаймын!» - делінген хатта.

Адвокат Айман Омарова осы хаттан кейін жәбірленген қызды қорғауына алғанын айтып отыр. Оның сөзінше, полицейлер бұл істі соңына дейін жеткізуге құлықсыздық танытып отырған көрінеді. Тіпті, қызды мазақтап, ақша істеп алмайсың ба деп ақыл айтыпты-мыс. Зәбір көрдім деген бойжеткеннің қазір аяғы ауыр екен. 14 жігіттің қайсысынан жүкті болғанын білмейді.