15 қарашада Алматыда блокбекеттер қойыла ма - ресми өкіл жауап берді

0
581

Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері хабарламаға қатысты пікір білдірді.​


15 қарашада Алматыда блокбекеттер қойыла ма - ресми өкіл жауап берді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде 15 қарашада Алматыда блокбекеттер қойылатыны туралы хабарламалар тарап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Хабарламада Алматыда карантиннің күшейтілетіні туралы айтылады. Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері хабарламаға қатысты пікір білдірді.



"Бүгінде Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты, блокбекеттер қою немесе қаланы жабу жоспарда жоқ. 15 қарашада блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат жалған", - деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Еске салайық, мұның алдында Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалада егде жастағы адамдардың арасында коронавирус өршіп жатқанын айтқан болатын.