1,5 млн-ға жуық қазақстандық 42 мың 500 теңге мөлшерінде көмек алады

0
1 692

Көпбалалы аналарға азық-түлік беріледі.


1,5 млн-ға жуық қазақстандық 42 мың 500 теңге мөлшерінде көмек алады

ERNUR.KZ. Президент елдегі төтенше жағдай кезінде табыссыз қалғандарға айсайын 42 500 теңге төлеуді тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

«Тек бір Алматы қаласында карантин кезінде кәсіпорындардағы жұмысшылар саны 266 мың адамға азайды. Тап осындай жағдай жеке кәсіпкерлерде де байқалады, олардың 80% -ы өз жұмысын тоқтатты. Осылайша, алдын-ала есептеулер бойынша қазіргі жағдай 500 мыңға жуық азаматтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбіде Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік төтенше комиссияның отырысында.

«Сондықтан, төтенше жағдай кезінде осы жағдай салдарынан кірісін жоғалтқан адамдарға айсайын ең төмен айлық жалақы мөлшерінде (42 500 теңге) төлем жасауды тапсырамын», – деді Президент.

Сонымен қатар Президент жалпы, кем дегенде 1,5 миллион қазақстандық бұл көмекке сене алатынын атап кетті. ДДҰ пандемия деп жариялаған Covid-19 коронавирусының таралу қаупіне байланысты ел Президенті Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялаған. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жарияланды.