15 жыл бойы іздеуде жүрген өзбекстандық Алматыда ұсталды

0
497

1982 жылы туған Өзбекстан азаматына 2008 жылы мемлекетаралық іздеуге жариялаған.


15 жыл бойы іздеуде жүрген өзбекстандық Алматыда ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда 15 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Алматыда көші-қон қызметі мен қалалық криминалдық полиция қызметкерлері 41 жастағы Р. есімді азаматты ұстады.

"Атап айтқанда, қылмыскер "Іздеу – ТМД" жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Өзбекстан ІІМ Сурхандария облысы ІІБ 1982 жылы туған Р. есімді Өзбекстан азаматын 2008 жылы мемлекетаралық іздеуге жариялаған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны өз еліне экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.