16 жастағы жасөспірімді бетон қирандылары басып қалды

0
896

Жас жігіт металл жинауға шыққан


16 жастағы жасөспірімді бетон қирандылары басып қалды

ERNUR.KZ. Оқиға Риддер қаласында болды. Металл жинауға шыққан жас жігіт абайсызда ажал құшты, деп жазады altaynews.kz.

ТЖ мәліметіне сүйенсек, 9 қаңтарда екі жігіт кеңшар маңында темірбетонды құрылымдарды бөлшектеп жүріпті. Кенет ескі плиталар құлап, 16 жастағы жасөспірімді басып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше, бозбала жан тапсырып үлгеріпті. Ал жасөпірімнің денесін қираған бетондардың астынан алып шығу үшін, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келген.

"Оқиға орнына 5 қызметкерден жасақталған құтқарушы топ жіберілді. Мәйітті алып шығу үшін арнайы құрал-жабдықтарды қолдануға тура келді," деп мәлімдеді Риддер ТЖБ.