17 жастағы жігіт таксиге мінген қызды зорлап, тонап кетті

0
514

Ұсталған азаматтың ауылдасы және танысы боп шыққан 22 жастағы такси жүргізушісі де полицияға жеткізілді.


17 жастағы жігіт таксиге мінген қызды зорлап, тонап кетті

ERNUR.KZ. Алматыда 17 жастағы жолаушы таксиде жолаушы қызды зорлап, тонап кетті, деп жазады zakon.kz.

Бұл оқиға 9 қазан күні түнде болған.

Іле аудандық учаскелік полициясы кезекші бөліміне келген жергілікті тұрғын зорланғаны мен тоналғаны туралы арыз жазды.

Арызға сәйкес, ол Алматы қаласындағы №1 теміржол вокзалынан үйіне қайту үшін таксиге отырған. Жол бойында екінші жолаушының өтінішімен такси жүргізушісі Түймебаев ауылы маңында қара жолға бұрылып, далаға тоқтайды. Сол кезде артқы орындықта отырған жолаушы такси жүргізушісінің көзінше жолаушы қызға шабуыл жасап, ұрып-соғып, зорлап, тонап, алтын алқасын тартып алған, - деп хабарлады Алматы облысының ПД.

Қылмыстық құқық бұзушылық фактісі ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігі, 191-бабының 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Боралдай кентінің 17 жастағы тұрғынын ұстады. УҰИ-ға қамауға алынған күдікті зорлық-зомбылық әрекеттерін мойындады. Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеу кезеңінде оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, деп толықтырды полиция.

Ұсталған азаматтың ауылдасы және танысы боп шыққан 22 жастағы такси жүргізушісі де полицияға жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында оның да бұл қылмысқа қатысы анықталатын болады. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, жария етілмейді, - деп қорытындылады ведомствода.