"18": Алматыда алғашқы сары нөмір берілді

0
959

1 ақпаннан Қазақстанда ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерді уақытша тіркеу басталды.


ERNUR.KZ. Алматыда алғаш рет ЕАЭО елдерінен келген автокөлік тіркелді, деп жазады zakon.kz.

Алматы қалалық әкімшілік полицияның мәліметінше, "Саялы" ықшамауданындағы №1 мамандандырылған ХҚКО-да республика бойынша алғаш рет Ресейден Қазақстанға әкелінген көлік тіркелді.
Көлігін тіркеген – 37 жастағы алматылық Владимир Баев. Ол Renault маркалы көлігін тіркеді. Көлік иесіне сары түсті тіркеу белгісі берілді.
Бүгін автоХҚО-ға келіп, Ресейден әкелген автокөлігімді Қазақстандағы уақытша тіркеуге қойдым. Көлігімді толық тіркеуге қою үшін енді бір жыл бойы утилизацияның ақшасын төлеймін. Құжаттарым тез жасалды, бәріне 20-30 минут уақыт кетті, - деді Владимир Баев.
Айта кетсек, 1 ақпанда Қазақстанда ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерді уақытша тіркеу басталды. Ақпанда елдегі барлық мамандандырылған ХҚКО-лар демалыссыз жұмыс істейді, бірақ жексенбіде тек көлікті уақытша тіркеуді рәсімдейді.
Сонымен қатар, ЕАЭО көліктерін тіркеу мәселелері бойынша қалалық әкімшілік полиция жанынан call-орталық құрылған, оның нөмірі 8-747-080-01-56 (қоңырауларды жұмыс күндері сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін қабылдайды).