18 өңірде дауылды ескерту жарияланды

0
1 233

Еліміздің барлық аймағында көлік қозғалысына шектеу жоқ.


 18 өңірде дауылды ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. Алдағы 2 күнде еліміздің бірқатар аумағында жаңбыр жауып, жел, тұман, көктайғақ болады, деп жазады 24.kz.

Осыған байланысты метеорологтар 18 өңірде дауылдық ескерту жариялады.


Қатты жауын елдің батыс аймақтарында жауады. Ал оңтүстікте ауа райы тұрақты: күндіз 14 градус жылы болады, ал түнде сынап бағанасы +5-ті көрсетеді.


Елордада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы минус 2 градусқа, ал түнде 9 градусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні секундына 5 метр болады.


Еліміздің барлық аймағында көлік қозғалысына шектеу жоқ.