18 жасар қыздың өліміне қатысты бірнеше нұсқа айтылды

0
1 734

Бойжеткен 20 шілде күні кешке жүгіруге кетіп, қайта оралмаған.


18 жасар қыздың өліміне қатысты бірнеше нұсқа айтылды

ERNUR.KZ.Қостанайда 18 жастағы қыздың өлімін тергеу өңірдің ішкі істер департаменті басшысы, полковник Бекет Аймағамбетовтың басшылығымен жүргізіледі, деп жазады sputniknews.kz.

Бойжеткен 20 шілде күні кешке жүгіруге кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні орман ішінен зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылды.
"Істі тергеу ерекше бақылауға алынды. Күдіктілерді табуға бағытталған шаралар атқарылып жатыр, сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның бірнеше нұсқасын ұсынып отыр", — деп хабарлайды Sputnik өңірлік "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Бақылау камераларына түсірілген видеолар зерттеліп, сол күні Қостанай – Затобольск жолымен жүрген жүргізушілерден жауап алынуда.

Полицияда тіркеуде тұрған тұлағалар тексеріліп жатыр.