19 наурыз - Жаңару күні

0
768

Жаңару күнінде көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.


 19 наурыз - Жаңару күні

Бүгін – Жаңару күні. Бұл күн барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

"Бүгін, 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда. Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналады. Қазақстан үшін Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты. Бүгін ел аумағында отырғызылған ағаштардың жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар, алға қойған мақсаттар жемісін беріп, өркендеуге жетелейді. Жыл сайын 19 наурызда жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, биылдан бастап елімізде Наурыз мерекесін тойлау жаңа форматта атап өтілетін болады. Жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігін жариялау ұсынылды.

Ал ертең, 20 наурыз күні қазақстандықтар Ұлттық спорт күнін атап өтеді.