2 миллион қазақстандық кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр

0
1 653

Осы мақсатта мемлекет бюджетінен 204,5 миллиард теңге бөлінген.


2 миллион қазақстандық кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр

ERNUR.KZ. Екі миллион қазақстандық кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырғандар санына байланысты шыққан ресми ақпарат, деп жазады tengrinews.kz.

АӘК аз қамтылған азаматтарға және табыс мөлшері төмен отбасыларға беріледі. Бүгінде екі миллион адамға немесе 405 мың отбасыға АӘК төленіп жатыр.

Осы мақсатта мемлекет бюджетінен 204,5 миллиард теңге бөлінген. Оның 70 пайызы төленіп қойды. Өңірлерге бөліп қарастыратын болсақ, АӘК-ті еліміздің оңтүстік аймақтары көбірек алады екен - 65 пайыздан асады, бұл Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары мен Шымкент қаласы.

Алматы қаласы мен Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында АӘК алушылар саны айтарлықтай аз.