2 жасар бала ыдыстағы суға батып кетті

0
3 256

Жамбыл облысында 2 жасар бала суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2 жасар бала ыдыстағы суға батып кетті

Жамбыл облысында 2 жасар бала суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Жасөркен ауылында Жамбыл көшесіндегі үйдің бірінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала ауладағы үлкен ыдыста толтырылған суға батып кетті. Сәбидің денесін судан туысқандары шығарып алған», деп мәлімдеді Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері 8 адам суға ағып кетіпті. Олардың төртеуі кішкентай балалар.

Дереккөз: Zhambylnews.kz