200 тонна шөп өртеніп, 90 бас мал жанып кетті

0
1 331

Жамбыл ауданы, Қоңыртөбе ауылының шетінде «Ғалымжан» шаруа қожалығы аумағында шаруашылық құрылыстары мен шөп қорасы отқа оранды.


200 тонна шөп өртеніп, 90 бас мал жанып кетті

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында жеке шаруа қожалықтың қорасы өртеніп, 90 бас мал жанып кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Оқыс оқиға 11 тамыз күні болған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Сағат түнгі 23:46-да Жамбыл ауданы, Қоңыртөбе ауылының шетінде «Ғалымжан» шаруа қожалығы аумағында шаруашылық құрылыстары мен шөп қорасы отқа оранды. Соның салдарынан 200 тонна шөп өртеніп және 90 бас мал жанып кетті. Оның 67-сі сиыр, 5-уі жылқы және 18-і қой», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда өртің себебі анықталып жатыр.

Өрт сағат 03:34-те оқшауланып, сағат 07:04-те сөндірілген. Сөндіру жұмыстарына 37 қызметкер және 8 техника жұмылдырылған.