2016 жылы Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан жауынгердің әкесіне көлік кілті табысталды

0
956

2016 жылы теракт кезінде қаза тапқан қатардағы жауынгер Досбол Сапардың әкесіне Ұлттық гвардия басшылығы салтанатты түрде сертификат пен көліктің кілтін табыстады.


2016 жылы Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан жауынгердің әкесіне көлік кілті табысталды

ERNUR.KZ. Досбол Сапар террористтер 6655 әскери бөліміне қарулы шабуыл жасаған кезде ерлікпен қаза тапқан, деп жазады Stan.kz.

Сарбаздың әкесіне құнды сыйлық табыстау туралы бастаманы Ресей Федерациясы Дзюдо ардагерлері ұлттық қауымдастығы ұсынған.

Идеяны Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық гвардия бас қолбасшысы Еркін Ботақанов қолдады.

Көлік кілтін табыстау кезінде Ботақанов сарбаздың әкесіне алғыс айтты.

"Ол Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі мен бейбітшілік үшін жанын тапсырды", - деді Еркін Ботақанов.