​2018 жылы букмекерлер 14,4 млрд теңге салық төлеген

0
1 242

Биылдан бастап олар қосымша 12% салық төлеуге міндеттеледі.


​2018 жылы  букмекерлер 14,4 млрд теңге салық төлеген

ERNUR.KZ. 1 қаңтардан бастап құмар ойын бизнесінің нысандарына қосымша құн салығы енгізілді, деп жазады 24.kz.

Бұрын казинолар мен букмекерлік кеңселерге қосымша құн салығы салынбайтын. Мұндай шаралар саланы қалай өзгертеді? Былтыр ойын нарығы ел қазынасын біршама байытты. Биылдан бастап букмекердің табысына да қосымша салық салынды.

Былтыр букмекерлер 14,4 млрд теңге салық төлеген Өткен жылы букмекерлік кеңселерден ел қазынасына 14 млрд 400 млн теңге салық түскен. Ал биылдан бастап олар қосымша 12% салық төлеуге міндеттеледі. Экономистер мен бизнес-қауымдастық өкілдері, ойын нарығына қосымша құн салығын енгізу Қазақстан заңнамысына және халықаралық тәжірибеге сай келмейді деп есептейді. Банктер мен қаржы орталықтары өнім шығармайтындықтан салық төлемейді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер және Ресей, Беларусь мемлекеттерінде де ондай мекемелер қосымша құн салығынан босатылған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай өзгерістер ойын бизнесі субъектілерінің жабылуына және олардың көлеңкелі нарыққа кетуіне әкелуі мүмкін. Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтің ойынша, саладан түсетін салықтық түсімдер көп емес. Сондықтан басты мәселе: ойын бизнесіне тыйым салу және оның пайда болуының жолын кесу немесе бұл саланың жұмысын заңдастыру.