2019 жылғы пітір садақаның мөлшері белгілі болды

0
2 617

Діни басқармадағылар садақаны аталған мөлшерден артық беруге де болатынын айтты.


2019 жылғы пітір садақаның мөлшері белгілі болды

ERNUR.KZ. ҚМДБ билығы Рамазан айында берілетін пітір садақаның мөлшерін бекітті, деп жазады Stan.kz.

Биылғы жылы пітір садақаның мөлшері 300 теңге ретінде бекітілді. Бұл пітір садақаның ең төменгі мөлшері болып табылады. Діни басқармадағылар садақаны аталған мөлшерден артық беруге де болатынын айтты.

Айта кетсек, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады. ҚМДБ бекіткен діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, биыл Рамазан айы 6 мамырда басталады.