​2020 жылы астық дақылдарының 20 пайызы электронды форматта саудаланады

0
1 050

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына арналған Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты.


​2020 жылы астық дақылдарының 20 пайызы электронды форматта саудаланады

ERNUR.KZ. 2020 жылы астық дақылдарының 20 пайызы электронды форматта саудаланады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына арналған Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру аясында кредит пен кепілдерді алуға арналған өтінім беруді автоматтандыру жүргізіліп жатыр. Өткен жылдың ішінде 40 мыңнан астам фермер жалпы сомасы 400 млн теңгені құрайтын онлайн-кредит алды», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 2021 жылға қарай аталған процесс «бір шерту арқылы онлайн-кредитке» дейін автоматтандырылатын болады.

«Астық дақылдарын сату барысында электронды сауда жүзеге асырылып жатыр. 2020 жылға қарай делдалдық буынды жою арқылы сатылым көлемінің 20 пайызын электронды форматқа жеткізу жоспарланып отыр», - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, министр жиын барысында ІТ-саласындағы білікті мамандарды уыстан шығарып алмауымыз қажеттігін де айтты.