2020 жылы елордада зағип балаларға арналған балабақша ашылады

0
861

90 орындық мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан.


2020 жылы елордада зағип балаларға арналған балабақша ашылады

ERNUR.KZ. Кешкілік аралау кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның құрылысымен танысты, деп жазады astana.gov.kz.

Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. 90 орындық мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Тұран даңғылы мен к. Күмісбекова). Балабақша көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан балаларға арналған. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұдан басқа, елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 2 балабақша жұмыс істейді, жаңа ғимарат ерекше қажеттіліктері бар балаларды қамтуға бағытталған.