2021 жылдан бастап ЖОО-лар мемлекеттік диплом бермейді - Министрлік

0
976

Сонымен қатар, енді университет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша ЖОО-лардың өздері айналысатын болады.


2021 жылдан бастап ЖОО-лар мемлекеттік диплом бермейді - Министрлік

ERNUR.KZ. ҚР білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлназ Көбенова 2021 жылдан бастап диплом беру жүйесі өзгеретінін айтты, деп жазады Stan.kz.

Көбенованың сөзінше дипломдар енді мемлекеттік нұсқада берілмейді. Бұл жоғарғы оқу орындарының білім сапасын арттыруға ықпал етеді дейді ол. Сонымен қатар, енді университет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша ЖОО-лардың өздері айналысатын болады.


"Келесі 2021 жылдан бастап, жоғарғы оқу орындары мемлекеттік нұсқадағы диплом бермейді, жекеленген дипломдар беретін болады. Соған орай жоғарғы оқу орындарының кадр даярлауда жауапкершіліктері артпақ. Бұл жерде университеттерге түлектерін ары қарай жұмысқа орналастыру мәселесі де жүктелетін болады", - дейді ол.


Сонымен қатар, жоғарғы оқу орнының рейтингін анықтау барысында қандай шарттарға сүйенетінін айтып берді Көбенова. Оның сөзінше түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша ол жердегі білім деңгейін еркін анықтауға болады.


"Жоғарғы оқу орындарындағы білім жүйесіне талдау жүргізу өте маңызды. Ол жұмыс берушімен бірлесе отырып тексеріледі. Жұмыс іздеу ұзақтығы қанша уақытқа созылды, жалақының мөлшері қандай деген секілді бірқатар мәселелер қарастырылады", - дейді Гүлназ Көбенова.