2021 жылы қандас мәртебесін алғандар саны 17 мыңнан асты

0
556

​Келген қандастардың жартысынан көбі Өзбекстаннан.


2021 жылы қандас мәртебесін алғандар саны 17 мыңнан асты

ERNUR.KZ. 2021 жылдың басынан бері 17,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп жазады Zakon.kz.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 17 358 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,7 мың этникалық қазақ оралды.ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі

Ағымдағы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,2%) Өзбекстаннан, 9,7% – Қытайдан, 6% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 5,7% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (7,8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 28,1%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1% жоғары білімді, 40,2% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,1% білімі жоқ.