2022 жылы Қазақстанда 190-ға жуық адам ақталып шықты

0
918

Олардың тіпті 20-сы соттталып кеткен.


2022 жылы Қазақстанда 190-ға жуық адам ақталып шықты

ERNUR.KZ. Олардың тіпті 20-сы соттталып кеткен. Алайда Бас прокуратураның араласуымен бостандыққа шықты, деп жазады Экспресс К.

“2022 жылы Бас прокуратураның наразылығымен Жоғарғы Сот әртүрлі мерзімге сотталып кеткен 20 адамды ақтады. Бір қызығы, бұл адамдар бірнеше жыл бұрын сотталған, ал кейбірі түрмеде отырған”, - деп хабарлады Бас прокуратура.
Жалпы, 2022 жылы Қазақстанда соттар 279 адамға қатысты 149 ақтау үкімін шығарса, 186 адамға 96 ақтау үкімі күшіне еніп үлгерді. Сондай-ақ қазіргі кезде прокурорлардың өтініші бойынша 43 адамға қатысты 28 іс апелляцияда тұр.