2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды

0
627

Абаев пен Раев бірлесе атқарылған жұмыстардың қорытындысын талқылап, келер жылға арналған іс-шаралар жоспарын қарастырды.


2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды

ERNUR.KZ. 2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды, деп жазады exk.kz.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесуі кезінде айтылды

Абаев пен Раев бірлесе атқарылған жұмыстардың қорытындысын талқылап, келер жылға арналған іс-шаралар жоспарын қарастырды. Қазақстан тарапының ұсынысымен 2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды.

"ТҮРКСОЙ ықпалымен түркі әлемінің ынтымақтастығы сапалы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Тарихи-мәдени мұраны сақтауға маңызды мән беріліп отыр. 2023 жылы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) құрылғанына 30 жыл толатынын білеміз", - деді Абаев.

Ол мерейтой жылы барлық бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жандандырып, бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз деп айтты.

Сонымен қатар ТҮРКСОЙ аясында театр және кино актрисасы Бикен Римованың 100 жылдығы, жазушы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы, қазақ ақыны, әдебиеттанушы, жазушы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы түркі тілдес елдерде кеңінен аталып өтетін болады.