Қазақстанда саусақ іздерін алу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады

0
2 139

​Қазақстан азаматтары паспорт немесе жеке куәлік алған кезде ғана дактилоскопиялық тіркеу процедурасынан өтеді.


Қазақстанда саусақ іздерін алу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстанның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылдан басталуы тиіс дактилоскопиялық тіркеу (саусақ ізін алу) елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2023 жылға ауыстырылды.

"Коронавирус пандемиясына және COVID-19 індетіне жасалған болжамдарға байланысты азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Тиісті өзгерістер "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заңға енгізіледі", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп дактилоскопиялық тіркеуді 2023 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру туралы ұсыныс жасаған болатын.

Министрлік "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының заңы сонау 2016 жылдың желтоқсанында қабылданғанын және 2021 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуі тиіс болғанын еске салды. Алайда заңның кейбір нормалары қайта қаралды.

Азаматтар он алты жасқа толуына байланысты паспорт немесе жеке куәлік алғанда, сондай-ақ мерзімі аяқталып немесе жоғалуына байланысты құжаттарын ауыстырған кезде ғана дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.