2024 жылдан бастап көлікті сақтандыру құны тіркелген аймаққа байланысты болады

0
647

Сақтандыру компанияларымен дауларды шешу үшін міндетті сотқа дейінгі реттеу енгізіледі.


2024 жылдан бастап көлікті сақтандыру құны тіркелген аймаққа байланысты болады

ERNUR.KZ. 2024 жылдың қаңтарынан бастап елімізде автокөлікті сақтандыру құны көлік тіркелген аймақтың тиімділігіне байланысты болады, деп жазады stan.kz.

Сақтандыру компанияларымен дауларды шешу үшін міндетті сотқа дейінгі реттеу енгізіледі. Енді сақтандырудың барлық міндетті түрлері цифрландырылады.

Азаматтар сақтандыру ұйымының веб-сайты немесе мобильді қосымшалары арқылы барлық қажетті құжаттарды тіркеп, төлем алуға өтініштерін жібере алады. Қазірдің өзінде мұндай қызметтерді енгізіп, өтінімдерді онлайн қабылдайтын сақтандыру ұйымдары бар. Сондай-ақ дауды сотта қарау алдында сақтандыру омбудсменіне хабарласу қажет. Омбудсменнің қызметі сақтандыру компанияларының жарналары есебінен қаржыландырылады.