2024 жылдан бастап Қытай Қазақстаннан келетін астықты қабылдауды екі есеге арттырады

0
906

Қазақстандық тараптың өтініші бойынша ҚХР алғаш рет Қорғас стансасынан астық тасымалдаушылар және жабық вагондармен астық жүктерін қабылдауды бастайды.


2024 жылдан бастап Қытай Қазақстаннан келетін астықты қабылдауды екі есеге арттырады

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Қытай теміржол әкімшіліктерінің өкілдері 2024 жылы 27,8 млн тонна жүк тасымалдауға келісті, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1 млн тоннаға артық, деп жазады sputnik.kz.

Кеңесте 2023 жылдың 8 айында Қытай мен Қазақстан арасындағы жүк және контейнерлік тасымалдар қорытындысы шығарылып, 2022 жылдың деңгейіне 3,6 млн тонна өсімімен 26,8 млн тонна жүк деңгейінде жыл соңына дейін тасымалдау көлемін сөзсіз орындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Экспорт 25%, яғни 16,2 млн тоннаға дейін, импорт 6%, яғни 10,6 млн тоннаға дейін өседі.
Келесі жылы 27,8 млн тонна жүк тасымалдауға келісім жасалды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1 млн тоннаға артық.
2024 жылғы қаңтардан бастап қытайлық тарап Алашаңқай станциясы бойынша астық тасығыштарда, жабық вагондарда және контейнерлерде астық жүктерін қабылдауды екі есе арттырады.
Қазақстандық экспорттаушылардың тілегін ескере отырып, өсімдік майлары, металл кендері (түйіршіктер, концентраттар), мұнай коксы сияқты жүктерді қабылдау ұлғаяды.

Сондай-ақ тараптар Достық – Мойынты, Алашаңқай – Джинхэ шекара маңы станциялары мен учаскелерінің өткізу қабілетін кеңейту, терминалдарды салу және жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысын талқылады.