2024 жылға дейін барлық дәрі-дәрмекке ақша жетпейді – Денсаулық сақтау министрлігі

0
574

Қажеттілікті анықтау барысында, 2024 жылға дейін барлық дәрі-дәрмекке биыл қаражат жеткіліксіз екені белгілі болды.


2024 жылға дейін барлық дәрі-дәрмекке ақша жетпейді – Денсаулық сақтау министрлігі

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылға жоспарланған дәрі-дәрмек көлемінің жартысын ғана сатып алады, деп жазады stan.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек саясаты департаменті директорының орынбасары Ботагөз Сыздықованың айтуынша, бөлінген қаржы алдағы жылға қажетті барлық дәрі-дәрмекке жетпейді.

"Қажеттілікті анықтау барысында, 2024 жылға дейін барлық дәрі-дәрмекке биыл қаражат жеткіліксіз екені белгілі болды. Сондықтан бұл тізім жобасына ең қажетті дәрі-дәрмектер және біз 2024 жылға бөлген қаражат шегінде енгізілген. Дәрілік заттар, инновациялық, биологиялық өнімдерге деген қажеттілік 2024 жылға арналған бюджет нақтыланған кезде көрсетіледі", – деді ол.