2024 жылы ақшаны қандай валютада сақтауға болмайды – Қаржы маманының кеңесі

0
501

Сарапшы сонымен қоса қандай жағдайда қазақстандық валютаға қаржы салуға болмайтынын да айтты.


2024 жылы ақшаны қандай валютада сақтауға болмайды – Қаржы маманының кеңесі

ERNUR.KZ. Қаржы сарапшысы Арман Бейсембай қазақстандықтарға жаңа жылда ақшаны рубль валютасында сақтамауға кеңес береді. Әлемдегі геосаяси оқиғалар мен санкцияларды есепке алған маман сондай-ақ барлық қаражатты бір валюта сақтаудан сақтану керегін де ескертеді, деп жазады stan.kz.

Сарапшы 2024 жылы рубль бағамы доллармен салыстырғанда тағы да құлдырайды деп болжайды. Ресейдің экономикасы қазір жақсы көрсеткіштер көрсетіп жатқанымен, бұл ұзаққа бармайды, келесі жылы үлкен проблемалар туындауы мүмкін, дейді ол.

“Қазір көп қазақстандықтардың рубльді сатып одан “құтылып” жатқаны туралы статистиканы байқадым. Сол себепті ол валютаға қаржы салуға болмайды деген ой туындайды”, – деп түсіндіреді Бейсембай.

Сарапшының сөзіне сүйенсек, қаржы мөлшері тым көп болмаса, онда оны ұлттық валюта – теңгеде де сақтауға болады.

“Ал кеңейтілген нұсқаға тоқталатын болсақ, Қазақстанның қор нарығын алып қарауға болады. Оның жақсы өсіп жатқанын байқап отырмыз. Тұрақты экономикалық дамуды ескеретін болсақ, бұл өсім әрі қарай да жалғасады деп болжауға барлық себеп бар”, – деп жалғады ол.

Акциялар жайлы тоқталған Бейсембай мұнай саласына келерде кейбір мәселелерден сақ болу қажет екенін түсіндіреді. Алайда баға тұрақтылығы сақталатын болса қаржының кейбір бөлігін салуға болады.

“Қазір әлемде өзгеріс белсенді түрде жүріп жатқандықтан уран өндірісіне сұраныс артып келеді сол себепті “Қазатомпромның” акцияларына салым салуға болады. Уран барлығына қажет ал Қазақстан әлемде бұл отын түрін өндіруден жетекші орын алады. Сондықтан “Қазатомпромның” акциялары “ҚазМұнайГаздан” да тиімдірек деп айтуға қазір негіз бар”, – дейді ол.

Сарапшы сонымен қоса қандай жағдайда қазақстандық валютаға қаржы салуға болмайтынын да айтты.

“Шамамен 100 миллион теңгеден көп болса онда қаражатты бөліп сақтау қажет. Бірақ қаржының барлығын теңгемен ұстауға болмайды. Шамалы алтын да сатып алу артық етпейді. Өйткені әлемде тағы да бір экономикалық толқулар болатын болса – қазір оған себеп те жоқ емес, онда алтын құны сөзсіз өседі. Оның бағасы қазірдің өзінде жоғары болып тұр”, – дейді маман.

Қазақстандықтарға еуроның жақсы нұсқа болатынын баса айтқан Бейсембаев алайда бұл ретте де сақтанатын нюанстардың болатынын ескертеді. Ол мұның себебін бұл валютаның бағамының ауытқып тұратынымен түсіндіреді.

“Ең әмбебап кеңес – жиған-тергеннің барлығын бір валютада сақтауға болмайды. Олардың бәрін бөліп ұстаған дұрыс болады. Рубльге қаржы салуды мүлдем құптамаймын. Өйткені ондағы жетістіктердің көңіл көншітпейтінін жоғарыда айттым. Барлық қаражатты теңгемен сақтауға тағы болмайды. Менің кеңесіме құлақ ассаңыз: қаражаттың үштен бірін теңгемен сақтауға болады себебі банк депозиттеріндегі пайыздық үстемақы әзірге жақсы, тағы бір үштен бірін долларда ұстаған абзал ал қалған үштен бірін қалтада сақтауға да болады”, – дейді ол.

Арман Бейсембай жаңа жылда депозит ашуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға кеңесін айтып өтті.

“Келер жылдың алғашқы айларында – қаңтар мен ақпанда депозит ашқан тиімдірек болады. Өйткені Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені түсіре түседі деген болжам бар, сондықтан депозиттердің үстемақысы да түседі деген сөз. Сол себепті қазір пайыздық көрсеткіш жоғары боп тұрған кезді пайдаланып қалу қажет. Әзірге жылдық 15% депозит ашуға мүмкіндік бар, ал жаңа жылдың ортасында мұндай мүмкіндік мүлдем болмауы ықтимал”, – дейді қаржы сарапшысы.