2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек мөлшері артады

0
513

Себебі жаңа қабылданған Әлеуметтік кодекске сәйкес, 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек медианды кіріске қатысты берілетін болады.


2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек мөлшері артады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Сағындықова Назгүл Әлеуметтік кодексті таныстыру барысында айтты, деп жазады Inbusiness.kz.

Әлеуметтік кодекс — осы саладағы ТМД-да қабылданған алғашқы құжат. Біздің елде ол 1 шілдеден бастап өз күшіне енді, оны құрастыру барысында Еуропа Одағының Әлеуметтік кодексі басшылыққа алынды. Жалпы құжат 5 бөлімнен, 19 тараудан және 267 баптан тұрады. Кодекс қабылданғалы 9 Заңның күші жойылып, 50-ден астам заңнамаға өзгерістер енгізілді.

"Жаңа Кодекс қабылданғанымен, бұған дейін балалы отбасылар үшін белгіленген барлық әлеуметтік көмек түрлері сақталады, бірақ кейбір параметрлері өзгеріске ұшырайды — мемкөмек аясы кеңейеді:

баланы күтуге берілетін әлеуметтік төлем мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға ұзарады;

жаңа туған аналарға берілетін жәрдемақы құны 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін артты;

"Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне берілетін төлемді дифференциациялау қарастырылған", — деді спикер.

Ең бастысы 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек медианды кіріске қатысты берілетін болады. Қазір АӘК тоқсан сайын күнкөріс деңгейінің ең төменгі көрсеткіші бойынша беріледі, яғни бастапқы сома артқан сайын, әлеуметтік көмектің де мөлшері ұлғаяды.