2025 жылға дейін аударымдар туралы ақпарат берілмейді - МКК

0
458

Еске салайық, 25 қарашада Сенат депутаттары "мобильді төлемдер" түсінігін енгізетін заң қабылдады, яғни кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін салық төлейтін болады.


2025 жылға дейін аударымдар туралы ақпарат берілмейді - МКК

ERNUR.KZ. Мобильді аударымдар туралы заң жобасы көптеген қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Алайда Қаржы министрлігі алаңдауға негіз жоқ екенін айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Мемлекеттік кірістер комитетіне мәліметтерді беруге алаңдаудың қажеті жоқ. Жеке аударымдарға салық салынбайды. Ал жеке кәсіпкерлер қабылданған мораторий аясында 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылады", - деп түсіндірді Қаржы министрлігі.

Еске салайық, 25 қарашада Сенат депутаттары "мобильді төлемдер" түсінігін енгізетін заң қабылдады, яғни кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін салық төлейтін болады.

Оған әлі Президент қол қойған жоқ. Заңда екінші деңгейлі банктерді 2025 жылдан бастап мобильді төлемдер мен азаматтардың аударымдары туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына беруге міндеттейтін норма бар.

Жаңа заң кейбір кәсіпкерлерді қорқытты. Олар мобильді аударымдар арқылы төлемдерді қабылдаудан бас тартып, қолма-қол ақша талап ете бастады. Мәселені қолда бар деректерге сүйене отырып қарастыратын болсақ, алдағы бірер жылда ештеңе өзгермейді.