2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз – Саясат Нұрбек

0
1 808

Министр мектеп мұғалімдерінің жалақысы өсуіне қарай ғылым қызметкерлері басқа жұмысқа ауысқанын да айта кетті.


2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз – Саясат Нұрбек

ERNUR.KZ. Биыл 1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы көбейген еді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шәкіртақы тағы қашан өсетінін айтты, деп жазады zakon.kz.

Министр "Келесі жылы да қыркүйекте осындай өзгерістер бола ма?" деген сұраққа жауап берді. Оның сөзінше, мүмкіндіктер сақталады.

"Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Келесі қыркүйектен бастап тағы 15%-ға, 20%-ға. Мақсатымыз - оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Ph-докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығындағы орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер, қазір ұстаздардың жалақысы өсті", - деп түсіндірді министр.
Министр мектеп мұғалімдерінің жалақысы өсуіне қарай ғылым қызметкерлері басқа жұмысқа ауысқанын да айта кетті.
"Біз кейінгі екі жылда 3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы", - дейді Саясат Нұрбек.