2025 жылға қарай Қазақстан полиэтилен пакеттерден бас тартады

0
1 180

Қазақстанда жыл сайын 5-6 миллион тонна коммуналдық қатты қалдықтар шығарылады.


2025 жылға қарай Қазақстан полиэтилен пакеттерден бас тартады

ERNUR.KZ. Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді, ал пластикалық пакеттер ақылы болады, деп жазады Stan.kz.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев еліміз полиэтилен пакеттерден бас тартып, қоршаған орта үшін қауіпсіз балама қаптамаларға көшуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді.

Полиэтилен пакеттерді қолдануды азайту қадамдары меморандумда көрініс табады. Құжатқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев, «Атамекен» АЭС басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева қол қойды.

«Төлемді енгізу пакет айналымын 30% төмендетеді. 2025 жылы толықтай бас тарту мүмкін, осы бағытта жұмыс жалғасуда», - деп түсіндірді Мирзагалиев.

Айта кету керек, Қазақстанда жыл сайын 5-6 миллион тонна коммуналдық қатты қалдықтар шығарылады, тек 10% ғана қайта өңдеуге жіберіледі.