2026 жылы гептилді зымырандар Байқоңырға жіберілмейді – Асқар Жұмағалиев

0
671

Құжат 2023 жылға дейін әзірленуі керек.


2026 жылы гептилді зымырандар Байқоңырға жіберілмейді – Асқар Жұмағалиев

ERNUR.KZ. 2026 жылы қазақ даласы гептилден көз ашады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев соындай мәлімет айтты, деп жазады inbusiness.kz.


«Қазіргі таңда бұл мәселені реттеу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жалпы алғанда жоспар жасалып, құжаттар әзірленуде. Бұған дейін айтқанымдай, ол жұмыстың бәрі 2023 жылға дейін бітуі керек. Қазір қолда бар жоспар бойынша, 2026 жылға қарай Байқоңырда гептильмен ұшатын зымыран тасығыштардың ұшуы тоқтатылады. Жоспар гептильден басқа жанармаймен ұшатын зымыран тасығыштарды ұшыру жүйесін де жаңғырту мәселесін қамтиды», - деді министр.