23 млн. теңгеден астам қаржы ұрлаған күдікті Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды

0
1 086

Украинадан экстрадицияланған Оразбеков Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.


23 млн. теңгеден астам қаржы ұрлаған күдікті Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды

Бүгін Бас прокуратура қызметкерлерінің Қазақстан Интерполымен бірлесе жүргізген жұмысының нәтижесінде қылмыстық жауаптылыққа тартылу үшін Қайрат Оразбеков Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қаласының ІІД Қ. Оразбековты 2016 жылы алдын ала сөз байласқан топ құрамында ұрлық жасағаны үшін іздестірді. Келтірілген залалдың көлемі 23 млн. тенгеден астам",-делінген хабарламада.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған. Осыған байланысты оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

Украинадан экстрадицияланған Оразбеков Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.