25 қазанда ХҚКО-лар жұмыс істемейді

0
429

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мәлімдеді.


25 қазанда ХҚКО-лар жұмыс істемейді

ERNUR.KZ. Мемлекеттік корпорация Республика күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар 25 қазан, сәрсенбі күні азаматтарды қабылдамайтынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"ХҚКО мен арнайы ХҚКО 26 қазанда жұмысын қайта бастайды", делінген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ хабарламасында.

Айта кетеік, ХҚКО азаматтарды әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбіде - 13:00-ге дейін жұмыс істейді.