3 апта комада жатқан жасөспірім дезодоранттың арқасында есін жиды

0
1 029

Анасы бөлмеге дезодарант шашқанда, комада жатқан ұлы көздерін ашқан.


3 апта комада жатқан жасөспірім дезодоранттың арқасында есін жиды

ERNUR.KZ. Англияның Камбрия графтығында анасы комада жатқан ұлына сүйікті дезодорантын әкеп, шашқаннан кейін жасөспірім комадан шықты, деп жазады ktk.kz.
Ақпан айында 13 жасар Какпер Краузе достарымен бірге өзенде қайықпен серуендеп жүріп, мұзды суға құлап кетті. Сонда жүзуді білмеген жасөспірім тұңғиыққа қарай түсіп кеткен. Ол өзін жағаға алып шыққанға дейін және жедел жәрдем келгенше су астында 25 минуттай жатты. Ақырында, құтқарушылар Краузені судан шығарып, тікұшақпен ауруханаға жеткізді. Бірақ, ауруханаға барар жолда дәрігерлер оған жан бітіруге мәжбүр болды.

Дәрігерлер жасөспірімді құтқарып қалғанымен, бірақ ол комаға түсті. Дәрігерлер мен ата-анасы үш апта бойы оның есін жидыруға тырысты. Анасы ұлының қолынан ұстап, тіпті онымен сөйлесті де, бірақ одан еш нәтиже шықпады. Бір күні медбике Краузені жуындыруды ұсынды. Сонда анасы оны шомылдыру үшін ұлының сүйікті дезодорантын әкеледі. Сөйтіп анасы бөлмеге дезодарант шашқанда, ұлы көздерін ашты. Қазір бала аздап қалпына келуде.

«Мен дезодорантты шаша салған кезде, ол бірден көздерін ашты. Какпер бұл оның сүйікті иісі екенін есіне түсірсе керек. Мен тіпті, не болғанына да сене алмадым», - дейді 43 жастағы баланың анасы.

Қазірде Краузе толығымен жазылып келеді. Оның тек сөйлеуінде және оң қолын қозғалтуында ғана кейбір кішігірім қиындықтар бар. Бір өлімнен аман қалған жасөспірім енді өзінің бойтұмарына айналған ерекше дезодорантты әрдайым шашып жүретінін айтты.