«3 бөлме - 750 мың теңге»: Алматыда пәтер жалдау құны бір түнде аспандап кетті

0
796

Үй иелері сұраныстың артуына ресейліктердің ағылып келуі себеп деп отыр.


«3 бөлме - 750 мың теңге»: Алматыда пәтер жалдау құны бір түнде аспандап кетті

ERNUR.KZ. Алматыда тұрғын үй жалдау құны бір түнде 2-3 есеге қымбаттап кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгін krisha.kz сайтына жүктелген жарнамаларға назар аударсақ, 1 бөлмелі пәтердің орташа жалдау құны -250 мың, 2 бөлмелі- 400 мың, 3 бөлмелі 700 мың теңгенің шамасында. Ал элиталық тұрғын үй кешеніндегі баға 1 миллион теңгеден жоғары.

Мәселен, Алмалы ауданындағы бас-аяғы 49 шаршы метр болатын мына пәтердің аренда ақысы 450 мың теңге. Айта кетерлігі, бұл - 4 қабатты ескі үйлер. Үй иесі сұраныс көп сондықтан бағаны көтердім деп отыр. Ал сұраныстың артуына ресейліктердің ағылып келуі себеп екенін алға тартты.

«Қазір Алматы, Астана қалаларында пәтерге сұраныс өте көп. Өзім пәтерді жалға берумен бірнеше қалаларда айналысамын. Өзім де жалдап тұрамын. Астанада екі бөлмелі пәтер 500 мың теңгеге, Алматыда осы үйді 450 мың теңгеге беремін деп шештім. Жарнаманы бүгін салдым. Таңертеңгі бағаларға қарап мен де осындай бағаны қойдым. Бағаның өсуіне әрине, Ресейден келіп жатқандар түрткі болды»,-дейді үй иесі.

Үй иесі «жеңілдік жасайсыз ба» деген сауалға «450 мың теңгенің ішіне коммуналдық төлемді қосуға болады, бірақ бағаны түсірмеймін» деп жауап берді.