3 жасар бала фармацевт шатастырып берген дәріден уланып қалды

0
478

Анасы 2019 жылы туылған баласына дәрігердің рецепті бойынша дәрі сатып алған.


3 жасар бала фармацевт шатастырып берген дәріден уланып қалды

иллюстрациялық фото

Павлодарда фармацевт дәрілерді шатастырып жіберді. Салдарынан бала антидепрессант ішіп, уланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінен анасы 2019 жылы туылған баласына дәрігердің рецепті бойынша дәрі сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін сәби өзін нашар сезініп, құса бастайды. Әйел дереу жедел жәрдем шақырған. Анық болғандай, ауруханада балаға антидепрессанттан уланды деген диагноз қойған", - деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер анықтағандай, фармацевт қателесіп, әйелге басқа дәрі сатып жіберген.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы – медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.