3 жасар бүлдіршінді құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа елордадан пәтер берілді

0
643

Қызылордалық азамат 8-қабатта терезеден салбырап тұрған бүлдіршінді құтқарып қалған болатын.


3 жасар бүлдіршінді құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа елордадан пәтер берілді

ERNUR.KZ. Сегізінші қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер табысталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Сәбит Шонтақпаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында оқиғаның қалай болғанын айта келе, өзіне үй сыйлаған «G-парк» компаниясының басшылығына алғысын білдірді.

«Бұлай болады деп ешкім ойламаған. G-Park компаниясының директоры Ғабит мырзаға алғысым шексіз. Осы астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлап жатыр. Рахмет!» - деді ол.


Сәбит Шонтақбаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қабылдауында да болып үлгерді.

ТЖМ бірінші вице-министрі, генерал-майор Ибрагим Құлшымбаев батыр азаматты «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Айат кетейік, бүгін таңертең елордада қызылордалық азамат 8-қабатта терезеден салбырап тұрған бүлдіршінді құтқарып қалды. Бұл оқиғаның видеосы желіде кең таралып, Сәбит Шонтақбаевтың батыл әрекетіне көпшілік тәнті болды.