-30 градус аязда БҚО-да ауыл тұрғындары газсыз қалды

0
496

Газ құбыры «Әлия сервис» ЖШС жеке ұйымына тиесілі.


-30 градус аязда БҚО-да ауыл тұрғындары газсыз қалды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округіне қарасты Горбунов ауылының тұрғындары қатты аязда газсыз қалды, деп жазады ulysmedia.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Аталмыш елді мекенде сағат 09.25-те газ апаттық жағдайда ажыратылған. Салдарынан 31 абонент газсыз қалды. Сыртта 30 градус аяз. Газ құбыры «Әлия сервис» ЖШС жеке ұйымына тиесілі. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстарына аталған ЖШС-дан 4 қызметкер, 1 техника және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-дан 4 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар осы ауданның Трекин ауылында газ қысымы төмендеген, бригада жұмыс жасап жатқаны хабарланды.