30 тамызда ел аумағында жел соғып, жаңбыр жауады

0
399

Кәсіпорын мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.


30 тамызда ел аумағында жел соғып, жаңбыр жауады

ERNUR.KZ. Қазгидромет синоптиктері 30 тамызда ел аумағында болатын құбылыстарға болжам жасады, деп жазады Inbusiness.kz.

Кәсіпорын мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте - найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің оңтүстік-батысында – шаңды дауыл. Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында – тұман.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +19+21°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +24+26°С.