300 мың теңге пара алған шенеунікке 12 млн теңге айыппұл салынды

0
1 017

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің баспасөз қызметі хабарлаған.


300 мың теңге пара алған шенеунікке 12 млн теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Қызылордадағы ормандар және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің басшысы пара алғаны үшін соталды, деп жазады Stan.kz.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қызылорда ормандар және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің» басшысы Смағұловқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол пара алды деп күдіктелген.

«Ол мемлекеттік мекеменің жұмысшысынан жұмысқа орналастырғаны және қорғаушылық жасағаны үшін 300 мың теңге паоа алды деп күдіктелді. 17 қыркүйекте Қызылорданың №2 сотының үкімімен Смағұловқа 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінеді хабарламада.

Сонымен қатар Смағұлов мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.