330 млн теңгеге орнатылған аттракцион жөнделмейтін болды

0
694

Шолу дөңгелегін орнатуда Ресейдің емес, Қытайдан әкелінген материалдың қолданылғаны анықталған.


330 млн теңгеге орнатылған аттракцион жөнделмейтін болды

ERNUR.KZ. Рудный қаласында 330 млн теңгеге салынған шолу дөңгелегі жөнделмейтін болды. Себебі Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық соты демонтаждау жұмыстары жүргізілмесін деген шешім шығарған, деп жазады inbusiness.kz.

Судьяның айтуынша, аттракцион құрылсы нормативтік қаулыларға сай емес әрі заңға қайшы.

«Рудный қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығының арызына сәйкес талаптары қанағаттандырылмасын. Оған тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы нормативтік қаулыларға жауап бермеуі себеп. Бұл туралы 7-тармақта көрсетілген. Нәтижесінде сараптама жасамас бұрын талапкердің арызы кері қайтарылды»,– дейді Қостанай облысы экономикалық ауданаралық сотының судьясы Айнур Тәңірберген.

Естеріңізде болса биылғы жылдың мамыр айында Рудныйдағы 330 млн теңгеге салынған аттракционнан ақау шығып, пайдалануға тыйым салынған. Ал тергеу жұмыстарын жүргізе келе, шолу дөңгелегін орнатуда Ресейдің емес, Қытайдан әкелінген материалдың қолданылғаны анықталған.